09.07.2014, 22:44 2517

Үндістан кәсіпкерлері EXPO-2017 көрмесіне қатысуға шақырылды

Үндістан кәсіпкерлері Астанада өтетін ЭКСПО-2017 шеңберіндегі жобаларды іске асыруға белсене қатысуға шақырылды.

Алматы. 9 шілде. Kazakhstan today. Үндістан Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің өкілі Керала штатының қаржы орталығы Кочин қаласында Үндістанның ТМД елдерімен сауда-экономикалық қарым-қатынастарын дамыту сұрақтары бойынша дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шара барысында үнді кәсіпкерлеріне екіжақты ынтымақтастықтың жағдайына қатысты мағлұматтар берілді. Атап айтқанда, соңғы үш жылдың ішінде Қазақстан мен Үндістан арасындағы сауда көлемі екі есеге артып, оның басқа Орта Азия елдерімен тұтас алғандағы сауда айналымынан асып түскендігі айтылды, деп СІМ баспасқз қызметінен хабарлады.

Сонымен қатар, ҚР мен ҮР арасындағы сауда және инвестициялық байланыстардың дамуына кедергі - екі ел арасында қолайлы тікелей көліктік жолдардың болмауы екендігі сөз болды. Осыған орай, Қазақстаннан Иранның Парсы шығанағындағы кемежайларымен байланыстыратын "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көліктік дәліздің бөлігі болатын теміржол тармақтарының маңыздылығы талқыланды. Аталған теміржол бағытын пайдалану жүк тасымалдау уақыты мен шығындардың едәуір қысқартылуына әкеледі деп күтілуде.

Қатысушылардың назарына Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайына қатысты, мемлекеттік индустрия-инновациялық даму бағдарламасының бірінші бесжылдықта қол жеткізген негізгі нәтижелері бойынша және Үкіметтің 2015-2019 жылдар аралығындағы жобалары туралы ақпарат жеткізіліп, мемлекетіміздің инвестициялық мүмкіншіліктері жайлы бейне материал көрсетілді.

Сондай-ақ, Үндістан кәсіпкерлері Астанада өтетін ЭКСПО-2017 шеңберіндегі жобаларды іске асыруға белсенді қатысуға шақырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны