11.06.2015, 17:38 3978

Үндістанда Қазақстанныӊ логистикалық мүмкіндіктері таныстырылды - ҚТЖ

"ҚТЖ" ҰК" АҚ президенті Асқар Мәмин Үндістанға жұмыс сапары аясында аталмыш елдіӊ теміржол жолдары, кеме қатынасы мен автожолдар министрлерімен екі жақты кездесулер өткізді, деп хабарлады компанияныӊ баспасөз қызметі

Астана. 11 Маусым. Kazakhstan Today - "ҚТЖ" ҰК" АҚ президенті Асқар Мәмин Үндістанға жұмыс сапары аясында аталмыш елдіӊ теміржол жолдары, кеме қатынасы мен автожолдар министрлерімен екі жақты кездесулер өткізді, деп хабарлады компанияныӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталып өткендей, кездесу барысында "Солтүстік-Оӊтүстік" дәлізін дамытуды есепке ала отырып екі елдіӊ көлік әлеуеті мен Үндістан және Еуразия құрлығындағы ірі мемлекеттер нарығыныӊ өзара тауар тасымалдаудыӊ тиімді логистикалық мүмкіндіктері анықталды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

А.Мәминніӊ кеме қатынасы және автожол министрі Нитин Гадкари мен Үндістанныӊ теміржол жолдары министрі Суреш Прабху кездесуі арысында екі ел арасындағы серіктестіктіӊ мүмкіндіктері, оны одан ары дамыту мәселелері талқыланып, Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржол дәлізін пайдалана отырып тауар қозғалысын жеӊілдетуге бағытталған келісімдерге қолжеткізілді.

"Бұдан басқа, Үндістанныӊ бизнес ортасына аймақта экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру үшін қажетті логистикалық мүмкіндіктер таныстырылды", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны