06.10.2016, 12:50 5731

Универсиада аяқталғаннан кейін Алматы тұрғындары спорттық нысандарға қол жеткізе алады

Универсиада аяқталғаннан кейін Алматы тұрғындары спорттық нысандарға қол жеткізе алады. Бұл туралы Алатау ауданыныӊ әкімі Бағдат Мәнзоров журналистерге арналған пресс-тур барысында хабарлады.

Алматы. 6 қазан. Kazakhstan Today - Универсиада аяқталғаннан кейін Алматы тұрғындары спорттық нысандарға қол жеткізе алады. Бұл туралы Алатау ауданыныӊ әкімі Бағдат Мәнзоров Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай журналистерге арнап ұйымдастырылған пресс-тур барысында хабарлады.

"Биылғы 18 қыркүйекте ел президентініӊ қатысуымен біз бірегей нысанды - 12 мыӊ адамға есептелген Мұз кешенін аштық. Бұл 2017 жылғы Универсиаданыӊ басты нысаны. Спорттық жарыстар аяқталғаннан кейін бұл кешен қала тұрғындарына қызмет ететін болады. Оныӊ жанында 5 мыӊ спортшыныӊ тұруына арналған қалалық кешен тұрғызылды. Онда бұқаралық тамақтану орталығы, мейрамханалар, мұражайлар ашылды. Универсиададан кейін олар тұрғын үй кезегінде тұрған біздіӊ тұрғындарымызға беріледі", - деді Бағдат Мәнзоров.

Еске сала кетейік, 2016 жылдыӊ 5 шілдесінде 2017 жылғы Универсиаданыӊ басты нысаны - Алатау ауданында орналасқан, 12 мыӊ адамға есептелген Мұз сарайыныӊ құрылысы аяқталды. Спорттық нысан, бюджет 32 млрд теӊгеден 17 млрд теӊгеге дейін оӊтайландырылғанына қарамастан, кестеден үш ай бұрын пайдалануға берілді.

Универсиада - Халықаралық студенттік спорт федерациясыныӊ (FISU) қолдауымен өткізілетін студенттер арасындағы халықаралық спорт сайысы. Универсиада 50 жылдан астам уақыттан бері маӊызы мен өкілеттілігі жағынан әлемдік спорт аренасында өткізілетін екінші орындағы кешенді халықаралық іс-шара болып табылады. Жарыстарға 17 мен 28 жас аралығындағы, Универсиада алдында оқу бітірген түлектер, студенттер мен аспиранттар қатыса алады.

Қазақстан Универсиадаларға 1993 жылдан бері қатысып келеді. Осы жылдарда 700-ден астам спортшы қатысып, 125 медаль ұтып алды.

2011 жылдыӊ 29 қарашасында Халықаралық студенттік спорт федерациясы Алматыны 2017 жылғы Бүкілдүниежүзілік Қысқы 28-ші Универсиаданы қабылдайтын қала деп жариялады. Қазақстан ТМД елдерініӊ арасынан бірінші болып Қысқы Универсиада өткізбекші.

2017 жылғы Бүкілдүниежүзілік Қысқы 28-ші Универсиада Алматыда 29 қаӊтар мен 8 ақпан аралығында өткізіледі. Алматыдағы Қысқы Универсиада жарыстарына 64 елден 2000 спортшы қатысады. Бұл - Қысқы Универсиадалар тарихындағы қатысушы елдер саны бойынша рекордтық көрсеткіш. Универсиаданы өткізуге шетелдік және ел өӊірлерінен 3000 ерікті жұмылдырылмақ. Іс-шараға 30 мыӊғажуық шетелдік қонақтар мен туристер келеді деп күтілуде.

Телекөрермендер саны 1 млрд адамды құрайды деп күтілуде. Хабар әлемніӊ 80 еліне таратылады.

Универсиаданыӊ жалпы операциялық бюджеті 2 есе оӊтайландырылып, 17 млрд. теӊгені құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны