08.05.2012, 17:20 3082

"Уральская неделя" газеті тілшісіне шабуыл жасағандар ұсталды

Батыс Қазақстан облысы аудандарының бірінен "Уральская неделя" газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьяровқа шабуыл жасауға қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталды.

Астана. 8-мамыр. Kazakhstan Today - "Уральская неделя" газеті тілшісіне шабуыл жасағандар ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы аудандарының бірінен "Уральская неделя" газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьяровқа шабуыл жасауға қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталды.

"Ұсталғандар оралдық журналиске шабуыл жасағандарын мойындады. Қастандыққа тапсырыс бергендер анықталу үстінде", - деп хабарлады ақпарат көзі.

Естеріңізге сала кетейік, "Уральская неделя" газетінің тілшісіне 19 сәуір күні кешкісін қарулы шабуыл жасалып, ол ауыр хәлде ауруханаға түскен болатын. Шылым шегуге далаға шыққан оған тұтқиылдан тарпа бассалған үш адам, травматикалық қарумен жаралап, бірнеше жерден пышақтап, көкжелкесінен ауыр затпен ұрған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны