16.02.2017, 21:06 4787

"Үрімші - Астана" бағытындағы жолаушылар пойызынан шекарашылар жолсерік купесініӊ үстіӊгі бөлігіне жасырылған тасбақаларды анықтады

Қазақстан - Қытай шекарасыныӊ бойында орналасқан "Достық" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды "Үрімші - Астана" бағытындағы жолаушылар пойызына шекаралық тексеру жүргізу кезінде жолсерік купесініӊ үстіӊгі бөлігіне жасырылған тасбақаларды анықтады

Астана. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан - Қытай шекарасыныӊ бойында орналасқан "Достық" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды "Үрімші - Астана" бағытындағы жолаушылар пойызына шекаралық тексеру жүргізу кезінде жолсерік купесініӊ үстіӊгі бөлігіне жасырылған тасбақаларды анықтады,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Санап жібергенде 30 данаға жетіп жығылды. Бұл іс бойынша 1965 жылы туған ?азақстан азаматы ұсталды.

Ұстау дерегі бойынша материалдар Алматы облысы Алакөл ауданы бойынша көлік прокуратурасына жолданатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны