10.04.2015, 10:17 3340

Ұрпақтардыӊ берекелі бейбіт өмірі жолында фашизмді жеӊудіӊ ұлы құндылығын, ерліктіӊ, батылдықтыӊ, қаһармандықтыӊ белгісі ретіндегі жеӊімпаз ардагерлеріміздіӊ ерекше ролін, өскелеӊ ұрпаққа деген үлгі-өнегесін түсіну идеясына құрылған барлық іс-шаралар Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығын мерекелеудіӊ негізгі арқауы болып отыр.

Астана. 10 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Қорғаныс министрлігі осы айтулы күнді мерекелеу аясында кешенді жоспар құрды. Оған әскери-патриоттық акциялар, байқаулар, сый-құрмет көрсетулер, мәдени ойын-сауық және бұқаралық спорт іс-шаралары енді, Салтанатты-мерекелік және мәдени-бұқаралық іс-шаралардыӊ басты мақсаты - ардагерлерімізді ардақ тұту, оларды қолдау және оларға құрмет көрсету, осы тұрғыда қазақстандық жас буынныӊ азаматтық және патриоттық тәрбиесіне ықпал ету болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жеӊіс мерейтойын мерекелеу іс-шараларыныӊ еӊ ірісі Астана қаласында өтетін әскери парад болып табылады. Аталған әскери парад тәуелсіз Қазақстанныӊ тарихындағы еӊ ауқымды парад болмақ. Оныӊ сандық, сапалық жағы мерейтой күніне әбден лайық болып, бұрын-соӊды өткізілген әскерлер парадтарынан асып түсетін болады.

Жоспарға сәйкес парадқа жеке құрамнан 4 800-ден аса адам, 231 бірлік қару-жарақ пен әскери техника, әскери авиацияныӊ 70 бірлігі қатысады. Қазіргі заманғы қазақстандық армиямен қатар Ұлы Отан соғысы кезеӊіндегі қару-жарақ пен әскери техника да көрсетіледі. Олар Т-34 танкі, танымал БМ-13 "Катюша" реактивті дүркін оқ ату жүйесі және "Максим" пулеметі, ЗиС-2, М-30 зеӊбірегіне арналған ЗиЛ-157 және т.б. Жекелеген жаяу парадтық есептоптардыӊ құрамында әскери қызметшілер Қызыл армия киім үлгісінде киініп өтеді. . Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қазіргі кезде алдағы парадқа қатысушылардыӊ барлығы, олардыӊ ішінде қару-жарақ пен әскери техника да Астанадағы базаларға қойылып, қала жанындағы шатырлы лагерде орналастырылды. Жаттығулар күн сайын өткізілуде. "Қазақ елі" алаӊында өтетін басты репетиция мамырдыӊ 2-сі мен 4-і күндеріне жоспарланып отыр.

Парад бейбітшілік және ұрпақ болашағы үшін жан аямай күрескен Ұлы Отан соғысына қатысушыларға көрсетілген құрмет, алғыс білдіру, сонымен қатар қазіргі Қазақстан армиясыныӊ жауынгерлік қуатын көрсету. Ике, ата-бабаларымыздыӊ даӊқты істерін жалғастырар бүгінгі ұрпақ еліміздіӊ тыныштығын күзетуде.

Ардагерлерге деген құрмет тек мереке күндері ғана емес, бүкіл жыл бойы жалғасын табатын болады. Осы бағыттарда ҚР Қорғаныс министрлігініӊ ақпараттық-насихаттау тобы еліміздіӊ қалалары мен аймақтарында тұрақты түрде белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Ардагерлердіӊ жастармен кездесуі, ҚР ҚМ Орталық ансамблініӊ концерттері, мерейтой иегері болып табылатын ардагерлерге арналған құттықтаулар және басқа да көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны