02.03.2012, 09:44 4408

Исет Исекешев Алматы ауыр машина жасау зауытында болды

"Бізде жаңғыртуға, ААМЗ сияқты кәсіпорындар үшін анағұрлым жеңілдікпен станоктар сатып алуға арзан ақша бар. Қазақстандық үлесті арттыру керек", - деп атап өтті Исет Исекешев Алматы ауыр машина жасау зауытында.

Алматы. 2-наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Индустрия және жаңа технологиялар министрі (ИЖТМ) Исет Исекешев Алматыға жұмыс сапары шеңберінде Алматы ауыр машина жасау зауытында (ААМЗ) болып, мекеменің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "бізде жаңғыртуға, ААМЗ сияқты кәсіпорындар үшін анағұрлым жеңілдікпен станоктар сатып алуға арзан ақша бар. Қазақстандық үлесті арттыру керек", - деп атап өтті Исет Исекешев Алматы ауыр машина жасау зауытында.

И. Исекешев зауыт ұжымымен кездесіп, өндіріспен танысты, басшылықпен түйінді мәселелерді, кәсіпорынның болашақ дамуын талқылады.

Алматы ауыр машина жасау зауыты - металлургия кәсіпорындарына созу станы мен прокат жабдықтарын, көпшілік тұтынатын басқа да бұйым шығаратын ірі кәсіпорын. Кәсіпорын 1951 жылдан өнімдерін Англия, Жапония, Франция, АҚШ, Болгария, Венгрия және басқа да елдерге шығарып, кезінде Қазақстан ауыр машина жасау кәсіпорындарының көшбасшысы атанды. Кәсіпорын шығарған құбыр және сым жасауға арналған стандар, детальпрокат стандары, құю-прокат агрегаттары, қара және түсті металлургия өнеркәсібі жабдықтарының қосалқы бөлшектері, сымды электротермик. және хим. жолмен өңдеу қондырғылары, шойын мен құрыш құймалары дүние жүзі мамандарының жоғары бағасын алды. 1992 ж. "Алматы ауыр машина жасау зауыты" акционерлік қоғамға айналып, ал 1997 ж. ашық түрдегі акционерлік қоғам болып қайта құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны