03.06.2014, 20:33 3140

Үш елдің сенбілігіне 130 мыңнан астам қазақстандық қатысады

5 маусымдағы үш елдің халықаралық экологиялық сенбілігіне 130 мыңнан астам қазақстандық қатысады.

Алматы. 3 маусым. Kazakhstan today. 5 маусымдағы үш елдің халықаралық экологиялық сенбілігіне 130 мыңнан астам қазақстандық қатысады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы қоршаған орта жән су ресурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаев Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау мен экология күніне арналған Астана-Мәскеу-Минск бейнекөпірі барысында мәлімдеді.

"Бастама - оңды. Біз оны қолдаймыз. Қазіргі таңда барлық дайындық шаралары аяқталды. Республика өңірлерінен аталмыш шараға 130 мыңнан астам адам қатысады", - дейді вице-министр.

Оның айтуынша, Астанада шамамен 600 адам полигон ауданында жұмыс істейді.

"Тек Астананың өзінде ғана шамамен 600 адам полигон ауданында жұмыс істейді.Сонымен қатар, қоқыс тазалаймыз. Өздеріңіз де білесіздер, Астана жанынан біз қолдан орман жасап жатырмыз. Бүгінде оның жалпы ауданы 70 гектарға жетті. Алдағы уақытта орман аумағы кеңейе бермек", - дейді ол.

Е.Нысанбаевтың пікірінше, Қазақстанда су қоймаларын тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

"Қазір біз "Таза су қоймасы" ұранын қолға алдық. Нәтижесінде су қоймаларынан 2800 тонна қоқыс шығардық. Ондаған жылдар бойы тазаланбаған бөгеттерді осылай тазалап жатырмыз", - дейді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны