13.05.2014, 21:19 3751

Үш халықаралық рейтинг бойынша Қазақстан 50 көшбасшы ел тобына енді - Е.Досаев

Қазақстан үш халықаралық рейтинг бойынша алғашқы 50 дамыған ел тобына енді, деп хабарлады бүгін ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ОКҚ брифингінде.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстан үш халықаралық рейтинг бойынша алғашқы 50 дамыған ел тобына енді, деп хабарлады бүгін ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ОКҚ брифингінде.

"Үш халықаралық рейтинг бойынша Қазақстан 50 көшбасшы ел қатарына кірді, және тағы екі рейтинг бойынша алғашқы 70 елдің қатарында", - деді Е. Досаев.

Осылайша, оның айтуынша, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде (ДЭФ ЖБИ) Қазақстан өзінің позициясын 1 тармаққа жоғарылата отырып, 148 елдің ішінен 50-орынды иеленді. Бұл ретте Қазақстан тиімді дамудың екінші сатысынан инновациялық дамудың жоғарғы үшінші сатысына өту позициясын ұстанып отыр, онда жоғарғы үлес салмақ тиімділік факторы мен инновациялық дамуға беріледі.

"Дүниежүзілік Банктің Doing Business рейтингісі бойынша Қазақстан 3 тармаққа позициясын жақсартып - 189 елдің ішінен 50-орынды иеленді. Қазақстанның рейтингтегі позициясының жақсаруы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында компанияларды тіркеу уақытының азаюының есебінен, сондай-ақ, меншікті тіркеу рәсімдерін тездетіп енгізудің арқасында болып отыр. Сондай-ақ, Қазақстан жекеменшікті тіркеу және салық салу деңгейі бойынша 20 көшбасшылар қатарына енді", - деп толықтырды министр.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Халықаралық даму менеджменті институтының әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде Қазақстан өзінің позициясын 2 орынға төмендетіп, 60 елдің ішінен 34-ші орынды иеленді.

Бұдан өзге, адами әлеуетін дамыту индексінде Қазақстан адами даму деңгейі жоғары елдер тобына кіреді өзінің ұстанымын 1 сатыға төмендете отырып, 186 елдің ішінен 69-орынды иеленді. Heritage Foundation Экономикалық еркіндік индексіндегі Қазақстан позициясы 1 тармаққа жақсарып, 185 елдің ішінен 67 орынға ие болғаны байқалады.

Сонымен қатер, бірнеше рейтинг бойынша Қазақстан позициясының төмендеуі байқалған, бұл Е.Досаевтың пікірінше, рейтингтерді есептеу әдістемесінің өзгеруіне және басқа елдердегі жағдайдың өзгеруіне байланысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны