19.03.2007, 17:16 3144

Үш жыл ішінде Қазақстанда 160 мектеп пен 131 аурухана салу межеленген

АСТАНА. 19-наурыз. Kazakhstan Today. Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен президенттің Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілген 100 мектеп және 100 аурухана құрылысын салуды мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде орындау мәселесі бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған мәселе бойынша жұмыс тобының жетекшісі - экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, бүгінде республикадағы 115 мектепте үш ауымыммен сабақ оқытылады және оның 216-сы апатты жағдайда. Ол сонымен қатар, 997 елде мекенде мектеп мүлде жоқ екеніне тоқталды.

Б. Сапарбаев мәлімдегендей, үш жыл ішінде Қазақстанда салынып жатқандарды қоса алғанда, 291 әлеуметтік объекті салу жоспарлануда, оның ішінде 160 мектеп, ал 131-і аурухана болмақ.

Жобалардың басым көпшілігі мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде жүзеге асырылатын болады.

Үкімет басшысы К. Мәсімовтың айтуынша, президент тапсырмасының сапалы орындалуы үшін бұл міндеттерді кешенді түрде шешу қажет.

"Біз бүгіннің өзінде жаңа мектеп пен ауруханада кімдер жұмыс істейтінін, мамандардың тұрғын үй мәселесі қалай шешімін табатынын анықтап алуымыз керек. Сіздерге, жұмыс тобының мүшелеріне осы және өзге де мәселелерді кешенді шешуді тапсырамын", - деді премьер-министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны