28.08.2012, 17:51 2850

Үш жылдық мерзімдегі әлеуметтік жаңғыртуға 6,7 млрд теңге бөлінеді

Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын және "Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам" бағдарламалық мақаласында айтылған тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының "2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы қабылданды.

Астана. 28-тамыз. Kazakhstan Today - Үш жылдық мерзімдегі әлеуметтік жаңғыртуға 6,7 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын және "Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам" бағдарламалық мақаласында айтылған тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының "2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы қабылданды.

Қабылданған заңға сәйкес, үш жылдық мерзімдегі әлеуметтік жаңғыртуға 6,7 млрд теңге, әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік жәрдемге 4 583,5 млрд теңге, Жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруға 293,6 млрд теңге, білім беру мен ғылымға 1 252,1 млрд теңге, денсаулық сақтауға 1 644,2 млрд теңге бөлінетін болады.

"Мәдениет пен ақпарат саласындағы шығындар 161,5 млрд теңгені құрайды, "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасына 514,1 млрд теңге, ТКШ жаңғыртуға 93,3 млрд теңге, "Ақбұлақ" бағдарламасына 214,3 млрд теңге, АӨК дамытуға 629,2 млрд теңге бөлінетін болады", - деп хабарлады ҚР Қаржы министрі Болат Жамшиев Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны