25.04.2013, 14:20 3167

Ұшақ апатына басқару жүйесінің толық істен шығуы себеп болды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін Қорғаныс министрлігінде өткен брифинг барысында ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Александр Сорокин осындай болжамын айтты.

Астана. 25-сәуір. Kazakhstan Today - Ұшақ апатына басқару жүйесінің толық істен шығуы себеп болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін Қорғаныс министрлігінде өткен брифинг барысында ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Александр Сорокин осындай болжамын айтты.

"Ұшақтың апатқа ұшырауына 100 пайыз басқару жүйесінің істен шығуы себеп. Аман қалған ұшқыштың айтуынша, ұшақ бірден солға қарай құлдилай түскен. Бұл - басқару жүйесінің толық істен шыққандығын білдіреді", - деді А.Сорокин.

Айта кетейік, бүгін Қорғаныс министрлігінде 23 сәуір күні сағат 22.45 шамасында Қарағанды облысы Шет ауданы Просторное ауылының маңында апатқа ұшыраған МИГ-31 әскери ұшағының апатқа ұшырауына байланысты брифинг өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны