Система Orphus

Ұшуға рұқсат беру мерзімін 6 айға дейін ұзарту жоспарлануда - ККМ

28.07.2014, 20:03 1405

Алматы. 28 шілде. Kazakhstan today. Көлік және коммуникация министрілігінде көлік және туристік салалардағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі кешенді шараларды қабылдау мақсатымен құрылған көлік саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, - деп Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Туроператорлардың клиенттерге деген соңғы кезде қайталанып отырған қызмет көрсету жағдайлары аталған жұмыс тобын құру себеп болды", - делінген хабарламада.

Кездесуге Азаматтық авиация комитеті, KAZLOGISTICS Қазақстан көлікшілерінің одағы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, туроператорлар, Туризм индустриясы комитеті, Халықаралық әуе көлігі ассоциация (ИАТА), Air Astana және Scat авиакомпаниялары, сонымен қатар Көлік прокуратурасы өкілдері қатысты.

Қаралған мәселелердің қатарында қатысушылар авиакомпанияларға ұшу рұқсаты мерзімін 1 айдан 6 айға дейін ұзарту мәселесін талқылады. ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев қазіргі кезде бұйрық жобасы құзырлы ұйымдарға келісуге жолданғанын атап өтті. Иділет министрлігіне тіркеуге бір айдан кейін жолданады деп күтілуде.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны