29.08.2012, 13:18 2793

Искери атом апиыны әлі де кейбір саясаткерлер мен әскерилердің басын айналдыруда - ҚР президенті

"Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияға енгізілген түзету белгіленгендей 2014 жылы күшіне енбеуі мүмкін деген қауіп бар", - деп ол бүгін Астанада "Ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарудан азат әлемге" атты халықаралық конференцияда атап көрсетті.

Астана. 29-тамыз. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияға енгізілген толықтыру белгіленген мерзімде күшіне енбейді деп қауіптенуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияға енгізілген түзету белгіленгендей 2014 жылы күшіне енбеуі мүмкін деген қауіп бар", - деп ол бүгін Астанада "Ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарудан азат әлемге" атты халықаралық конференцияда атап көрсетті.

Бұған бірқатар елде ратификациялау үрдісінің тығырыққа тірелуі себеп, дейді ол.

"Ғаламдық ядролық қауіпсіздіктің қазіргі жағдайының қыр-сырына қазіргі әлемдік саясат қатты ықпал етеді, бізге көбінесе ескіден қалып қойған нәрсе - ойлау шеңберінің тарлығы, елдер арасындағы сенім мен ашықтықтың тапшылығы, жекелеген елдердің жауапкершілігінің жетіспеушілігі.

"Искери атом апиыны кейбір саясаткерлер мен әскерлердің басын әлі де айналдыруда. Илемде ғаламдық көпполюсті әлемді тар ауқымда көретін күштер бар. Келешек әлемде "ядролық қолшатыр" экзотикасына орын болмауы тиіс", - дейді президент.

1979 жылғы 26 қазандағы конвенция ядролық қызметтің физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттеуші негізгі әмбебап халықаралық келісімшарт болып табылады.

Қазақстан Конвенцияға 2004 жылдың 22 желтоқсанында қосылды. Конвенцияға түзету 2005 жылы 8 шілдеде Венада қабылданды және конвенцияға қатысушылардың ынтымақтастық тетігін жетілдіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны