23.12.2009, 17:51 2723

Искери басқару және қылмыстық қудалау органдары Үйлестіру кеңесінің отырысында "Нашақорлыққа әскерде орын жоқ" науқанының бірінші кезеңінің нәтижелері қаралды

Искери басқару және қылмыстық қудалау органдары Үйлестіру кеңесінің отырысында "Нашақорлыққа әскерде орын жоқ" науқанының бірінші кезеңінің нәтижелері қаралды

Астана. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - Искери басқару және қылмыстық қудалау органдары Үйлестіру кеңесінің отырысында "Нашақорлыққа әскерде орын жоқ" науқанының бірінші кезеңінің нәтижелері қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Астанада Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадиновтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда әскери ведомстволардың құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарған істері және "Нашақорлыққа әскерде орын жоқ" Республикалық акциясының бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша іске асқан шаралар қаралды.

Үйлестіру кеңесі Қарулы күштердегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің оңтайлы бағытта нығайып келе жатқанын, әскери ортада құқық бұзушылық әрекеттері мен нашақорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан ведомствоаралық іс-шаралардың тиімділігін атап өтті.

Искери басқару және қылмыстық қудалау органдарының әрекеттерін бірізділікке түсіру нәтижесінде әскери қызметшілер жасаған тәртіп бұзушылықтар саны азайтылды, әскери қылмыс саны, олардың ішінде жарғыдан тыс әрекеттермен байланыстысы, азайтылды.

Үстіміздегі жылы Үйлестіру кеңесінің бастамасымен "Нашақорлыққа әскерде орын жоқ" акциясының бірінші кезеңі, "Қауіпсіз әскери қалашық", Жарғыдан тыс қарым-қатынысқа жол жоқ" конкурстары, жас әскерилер өкілдерімен тақырыптық кездесулер және спорттық циклдар, әскери-патриоттық тақырыптағы үздік балалар суреттерінің жылжымалы көрмелері, патриоттық клубтардың жиындары мен "Отан қорғаушысы - 2009" Ұлттық жастар фестивалі ұйымдастырылды.

Отырыста Үйлестіру кеңесінің мүшелері қылмыстылық және жемқорлықпен күресті белсенді ету мақсатында, бірлесіп шешу үшін, белгілі бір мәселелер талқыланды.

Үйлестіру кеңесінің шешімімен, оның 2010 жылғы жұмысы "Құқықтық мемлекетке - құқықтық әскер" ұраны аясында атқарылатын болады. Атқарылар істердің ішінде Үйлестіру кеңесі 2010-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Ведомствоаралық бағдарламаны дайындау және қабылдау іс-шарасы бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны