06.05.2008, 10:23 1388

Искери борышын өтеуге шақырылғандардың 44 пайызының жоғары немесе арнаулы орта білімі бар - Д. Ахметов

Искери борышын өтеуге шақырылғандардың 44 пайызының жоғары немесе арнаулы орта білімі бар - Д. Ахметов

Астана. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Биылғы көктемгі шақыру барысында әскери борышын өтеуге шақырылғандардың 44 пайызының жоғары немесе арнаулы орта білімі бар. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында қорғаныс министрі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Және Қазақстан жастары өз борышын орындағылары келмейді деген сөздер нақты жағдайға негізделмеген бос әңгіме", - деді ол.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстанда 2 сәуірден бастап жедел әскери қызметке көктемгі шақыру басталған. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, шақыру 18 бен 27 жас аралығындағы республика азаматтары арасында жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны