10.06.2011, 11:45 2989

Искери қызметкердің өзіне өзі қол жұмсауына әріптестерінің соққыға жығып, бопсалауы себеп болған

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматы гарнизонының әскери прокуратурасына 2011 жылдың 8-маусымында ҚР ІІМ Ішкі әскерінің 7552 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері М.Б. Айтахыновтың өзін-өзі өлтіру фактісі туралы хабар түсіп, оқиға орнына әскери прокурор, әділет полковнигі С.Қалжанов бастаған жедел-тергеу тобы шұғыл аттанған.

Астана. 10 - маусым. Kazakhstan Today - Искери қызметкердің өзіне өзі қол жұмсауына әріптестерінің соққыға жығып, бопсалауы себеп болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматы гарнизонының әскери прокуратурасына 2011 жылдың 8-маусымында ҚР ІІМ Ішкі әскерінің 7552 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері М.Б. Айтахыновтың өзін-өзі өлтіру фактісі туралы хабар түсіп, оқиға орнына әскери прокурор, әділет полковнигі С.Қалжанов бастаған жедел-тергеу тобы шұғыл аттанған.

Өткізілген жедел-тергеу шараларының нәтижесінде, 8 маусым күні сағат 10.00 шамасында Алматы облысы Заречный ауылындағы ЛА 155/12 түзеу мекемесінің бақылау мұнарасынан күзет қарауылы құрамының жауынгері М.Айтахыновтың иегінен оқ тиген, жансыз денесі табылғаны анықталды. Жедел-тергеу тобы оқиғаның мән-жайын және Айтахыновтың өзін-өзі өлтіру себебін анықтау үшін біраз жұмыс атқарды: 400-ге жуық әскери қызметшіден жауап алды, басқа да тексеру шараларын жүргізген.

Нәтижесінде, қайтыс болған жауынгердің қызметтесі, Айтахыновтан жарты жыл бұрын шақырылған қатардағы жауынгер Е.Бегежановтың оны ұдайы ұрып-соғып, ақша талап еткені анықталды. Сонымен қатар қайғылы оқиғаның алдында, қарауыл бастығының көмекшісі - ефрейтор С.К. Мукалыковтың күзетте ұйықтап қалғаны үшін Айтахыновты соққыға жыққаны да белгілі болды. Сөйтіп, Бегежанов пен Мукалыковтың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жауынгер Айтахынов АК-74 автоматымен өзін-өзі атып өлтіргені анықталды.

Жарғылық қарым қатынас ережелерін бұзған жауынгер Бегежановтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 370- бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ефрейтор С.К. Мукалыковтың үстінен де ҚР Қылмыстық кодексінің 377- бабының 2- тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, Бегежанов пен Мукалыков күдікті ретінде қамауға алынды. Қылмыстық істің тергелу барысы Бас әскери прокурордың жеке бақылауында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны