24.09.2009, 18:47 2663

Искери прокуратура әскери қызметшілердің жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады

Искери прокуратура әскери қызметшілердің жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады

Астана. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Искери прокуратурасы әскери қызметшілердің жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Искери прокуратура органдары әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау туралы заңнаманың қолданылуына ұдайы тексеру жүргізіліп отырады.

"Жамбыл облысының Гвардия кентінде 21450 әскери бөлімнің санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйіне прокурорлық тексеру барысында жарамсыз ауыз суды пайдалану нәтижесінде әскери лазареттің жұқпалы аурулар бөліміне мерзімді қызметтің 34 әскери қызметшісі "Асқынған энтероколит" диагнозымен жатқызылған",- делінген хабарламада.

Тиісті мамандарды тарта отырып, жеке құрамның тамақтануы мен тұрмыс жағдайы тексерілді, қажетті зерттеулер мен сараптамалар тағайындалды және жүргізілді.

"Тексеру барысында капитан Қамбар Назаровтың лауазымды міндеттеріне салдыр-салақ қарағаны үшін іс қозғалды. Гвардия гарнизоны әскери прокуратурасы Қ.Назаровқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 381- бабының 1- бөлігі бойынша (Бастықтың қызметіне салдыр-салақ қарауы) қылмыстық іс қозғады",- деп хабарлайды қадағалаушы мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны