28.05.2010, 10:28 1500

Искери соттың Маерманов пен Жартыновқа қатысты үкімі өзгеріссіз қалдырылды - Бас әскери прокуратура

Искери соттың Маерманов пен Жартыновқа қатысты үкімі өзгеріссіз қалдырылды - Бас әскери прокуратура

Астана. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Ақмола гарнизоны әскери сотының Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары генерал-лейтенант Қажымұрат Маерманов пен Қарулы күштердің Зымыран әскерлері мен Артиллериясы қолбасшысының лауазымын уақытша атқарған полковник Еділ Жартыновқа қатысты үкімі өзгеріссіз қалдырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2010 жылдың 24 ақпанында Ақмола гарнизоны әскери сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары генерал-лейтенант Қ. Маерманов пен Қарулы күштердің Зымыран әскерлері мен Артиллериясы қолбасшысының лауазымын уақытша атқарған полковник Е.Жартынов ұзақ мерзімдерге бас бостандығынан айырылды.

Искери шенеуніктің екеуі де әскери атақ пен мемлекеттік наградалардан айрылған.

Искери соттың үкіміне сотталғандар апелляциялық арыз жолдап, онда өздерінің кінәсін мойындай отырып бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны шартты түрге ауыстыруды сұраған.

"Осы жылдың 26 мамырында Қазақстан Республикасы әскери соты апелляциялық алқасының қаулысымен Қ. Маерманов пен Е.Жартыновтың апелляциялық арыздары қанағаттандырылмай, Ақмола гарнизоны әскери сотының үкімі өзгеріссіз қалдырылды",- деп хабарлайды әскери прокуратура.

Еске сала кетейік, Қ.Маерманов 11 жылға, ал Е.Жартынов 7 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны