23.08.2006, 16:58 2529

Искерилер арасындағы экономикалық және жемқорлық қылмыстар саны 16 процентке артты - ҚР ІІМ

АСТАНА. 22-тамыз. Kazakhstan Today. Ағымдағы жылдың жеті айында еліміздің қарулы күштері мен арнаулы қызметтерінің құрылымында тіркелген экономикалық және жемқорлық қылмыстар саны өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 16 процентке артты. Бұл туралы ҚР ІІМ тергеу комитеті төрағасының орынбасары Ұлықбек Патсаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Ұ.Патсаевтың айтуынша, өткен мерзімде осындай 22 қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілді. "Бұлардың басым бөлігі бюджет қаржысы мен сеніп тапсырылған қаржыны жымқырып кетуге байланысты қылмыстық істер",- деді ол.

Ұ.Патсаевтың айтуынша, қазір №44803 әскери бөлім командирінің қаржылық-экономикалық жұмыстар жөніндегі орынбасарының үстінен қозғалған қылмыстық істер тергеу өндірісінде жатыр. Оған 25 млн. теңге көлемінде бюджет қаржысын ұрлады деген айып тағылып отыр. Сонымен бірге Армияның Орталық спорт клубының қаржы жөніндегі қызметкерінің үстінен 7 млн. теңге тонады деген күдікпен, ал №21751 әскери бөлімінің қаржылық-экономикалық бөлімінің бастығының үстінен өз қарамағындағылармен ымыраласу арқылы әскерилердің 4 млн. теңгесін өз туыстарының карточкадағы есепшотттарына аударып жіберді деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. "Қазір осы қылмыстық істерді тексеру аяқталып келеді",- деді Ұ.Патсаев.

Тергеу комитетінің мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері әскери құрылымдардағы осындай қылмыстардың салдарынан 70 млн. теңгенің шығыны келді. "Оның 40 млн. теңгесі немесе 62 проценті өтелді",- деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны