11.04.2007, 17:25 2617

Искери-технологиялық бағытта Түркия мен Қазақстанның бірлескен кәсіпорнын құру жоспарланған - қорғаныс министрлігі

АСТАНА. 11-сәуір. Kazakhstan Today. ҚР қорғаныс министрі Даниал Ахметов таяу уақыттарда әскери-технологиялық бағытта Түркия мен Қазақстанның бірлескен кәсіпорнын құру туралы мәселені талқылауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасында тіркелген әскери-дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифинг барысында қорғаныс министрі Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Таяу уақыттарда біз Түркияда әскери-технологиялық бағыттағы ынтымақтастық, еліміздің Қарулы күштерін жаңалау, сондай-ақ, әскери-технологиялық мақсаттағы ойларымызды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәсіпорындар құру мәселесін талқылайтын боламыз",- деді Д.Ахметов. "Бұл біздің айрықша қызығушылығымызды тудырып отыр",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны