13.01.2011, 14:56 3600

Ұсталған адамды электр тоғымен азаптаған бұрынғы полиция қызметкері бес жылға сотталды

Павлодар қаласының №2 соты бұрынғы полиция қызметкерін ұсталған адамды электр тоқтың күшімен азаптағаны үшін бес жыл бас бостандығынан айыруға соттады. Бұл туралы қала прокурорының аға көмекшісі Лашым Баймағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Павлодар. 13 - қаңтар. Kazakhstan Today - Павлодар қаласының №2 соты бұрынғы полиция қызметкерін ұсталған адамды электр тоқтың күшімен азаптағаны үшін бес жыл бас бостандығынан айыруға соттады. Бұл туралы қала прокурорының аға көмекшісі Лашым Баймағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, тоғыз жыл бұрын қылмыстық іздестірудің екі жедел қызметкері ұсталған адамды, оның денесіне динамо-көліктің клеммаларын қосып, автокөлікті ұрлап айдап кеткендігін мойындатуға мәжбірлеген. Оның тұтқасын айналдыру арқылы кернеуін көтеруге болатын, ол қатты ауру әкелеген. Ұсталғанға тыйым салынған тәсілдерді қолдануды, азаптау кезінде кабинетке кірген прокуорлардың бірі көрген.

Полиция қызметкерлерінің бірі сол кезде бес жылға сотталған, ал екіншісі осы жылдар бойы іздестірілуде жүріп, тоғыз жылдан соң полицияға кінәсін мойындап келді.

"Қылмыстар жиынтығы бойынша ол екі жылға дейін құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айрылумен бес жылға бас бостандығынан айыруға сотталды", - деді Баймағамбетова.

Ол үкімнің заңды күшіне енбеген атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны