20.11.2015, 18:05 4336

Үстіміздегі жылдыӊ 15 желтоқсанында Найробиде ҚР ДСҰ-на толыққанды мүше болып жарияланады - Ж.Айтжанова

Қазақстан Найробиде өтетін 10-шы министрліктер кездесуінде ДСҰ-на толыққанды мүше болады, деп мәлімдеді бүгін дөӊгелек үстел барысында ҚР экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанова

Астана. 20 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Найробиде өтетін 10-шы министрліктер кездесуінде ДСҰ-на толыққанды мүше болады, деп мәлімдеді бүгін дөӊгелек үстел барысында ҚР экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанова, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"15 желтоқсанда Найробиде өтетін ДСҰ-ныӊ Х министрліктер кездесуіне толыққанды мүшесі ретінде қатысады", - деді А.Волков, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Сондай-ақ, ол Еуропалық одақтыӊ Қазақстанға нарықтық экономикалы ел мәртебесін ұсынуы мүмкін екендігін айтып өтті.

"Келісім күшіне енген соӊ ЕО-пен ынтымақтастықты дамытудыӊ басты міндеті визалық режимді жеӊілдету болмақ. Аталған мәселе ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келеді", - деп түсіндірді ол.

Бұдан өзге, Қазақстан АҚШ-тан permanent normal trade relations мәртебесін алуға және олар Джексон-Веник түзетуін тез арада алып тастайды деген үмітте.

"Жалпы, жаӊа бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы сауда қатынастарын нығайту үшін ДСҰ-кезеӊін талқылайтын уақтыт келді. Біздіӊ еліміздіӊ ДСҰ-на мүшелігі сіздіӊ елдеріӊіздіӊ іскерлік топтарын таныстыруға жаӊа мүмкіндіктер ашады", - деп мәлімдеді ол.

Атап айтқанда, Қазақстан ЕО-пен кеӊейтілген серіктестік туралы келісімге қол қоюға ниетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны