12.09.2007, 18:45 2821

Үстіміздегі жылдың 8 айында қазақстандық шекарашылар 13,5 мың мемлекеттік шекара бұзушыларды ұстаған - ҚР мемлекеттік хатшысы

Үстіміздегі жылдың 8 айында қазақстандық шекарашылар 13,5 мың мемлекеттік шекара бұзушыларды ұстаған.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. АСТАНА. Үстіміздегі жылдың 8 айында қазақстандық шекарашылар 13,5 мың мемлекеттік шекара бұзушыларды ұстаған. Бұл туралы бүгін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің 58-ші отырысы барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Үстіміздегі жылдың 8 айында республикамыздың шекара әскерлерінің күшімен 13 500 мемлекеттік шекара бұзушылар ұсталып, 1837 контрабанда дерегінің жолы кесіліп, 460 кг есірткі тәркіленген, оның 71 кг героин",- деді Қ. Саудабаев.

Ол, "Қазақстанның шекара қызметінің қызметкерлеріне түсетін жүктеме күннен-күнге өсуде: егер 2006 жылы ел шекарасынан 2,3 млн астам көлік пен 17 млн жуық адам өтсе, үстіміздегі жылы мұндай көрсеткішке алғашқы 8 айда-ақ қол жеткізілген" деп атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны