24.04.2007, 17:43 3015

Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында Астанада 38 кг әртүрлі есірткі заттары тәркіленген - ҚР ІІМ ЕКК

АСТАНА. 24 - сәуір. Kazakhstan Today. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында Астанада 38 кг әртүрлі есірткі заттары, соның ішінде 2 кг героин және 8 кг астам гашиша тәркіленген. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткімен күрес комитетінен хабарлады.

Есірткімен күрес комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, үстіміздегі жылдың басынан бері астанада есірткі қылмыстарын жасау деректеріне қатысты 59 қылмыстық іс қозғалған, олардың 43 - есірткі сату дерегі бойынша. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында республиканың басқа аймақтарынан Астанаға есірткі тасымалдайтын тұрақты үш арна жойылған.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2006 жылдың қазанында "Астана - есірткісіз қала" атты 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама қабылданған болатын. Бұл бағдарлама астанада тіркелген барлық мемлекеттік органдарды, қоғамдық ұйымдар мен бизнес-құрылымдарды жұмылдыра отырып, есірткі қылмыстарымен күресті күшейтуге және есірткінің тұтыну деңгейін төмендетуге бағытталған. Аталмыш бағдарлама аясында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесімен күрес комитеті астананың ішкі істер департаментінің басқа да қызметтерінің қатысуымен жедел - профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Іс-шара барысында қаланың криминалдық аудандары, вокзалдар, аэропорт және түнгі клубтарға тексерулер жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны