04.09.2007, 17:49 2846

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарты ұйымына мүше елдердегі арнайы іс-шараның бірінші кезеңінде 9,7 тонна есірткі тәркіленді

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарты ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдарының "Арна-2007" атты жедел-профилактикалық іс-шараның бірінші кезеңінде 9,7 тонна есірткі тәркіленді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4 қыркүйек. МИСКЕУ. Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарты ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдарының "Арна-2007" атты жедел-профилактикалық іс-шараның бірінші кезеңінде 9,7 тонна есірткі тәркіленді, деп хабарлады "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне ұйымның баспасөз қызметінен.

"Іс-шара нәтижесінде 9,7 тонна есірткі, соның ішінде 4,3 тонна апиын және 4,3 тонна марихуана тәркіленді. Заңсыз айналымнан 700-ге жуық қару тәркіленді",- делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

"Арна-2007" іс-шарасының бірінші кезеңі 28-тамыз бен 3-қыркүйек аралығында Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарты ұйымына мүше мемлекеттер аумағында: Армания, Беларусь , Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан аумағында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың контрабандалық әкеліну және әкетілуінің заңсыз арналарын анықтап жою мақсатында жүргізілді.

Іс-шараның бірінші кезеңінің барысын Латвияның, Литваның, Польшаның, Эстонияның, Украина мен Изербайжанның, Қытай және Монғолия, Ауғанстан, Иран және АҚШ арнаулы қызметтерінің өкілдері, сондай-ақ Интерпол қызметкерлері бақылады.

Естеріңізге сала кетейік, "Арна" іс-шарасы 2003 жылдан бері жыл сайын өткізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны