30.01.2014, 18:56 1646

В.Божко: Өрт қауіпсіздігіндегі рұқсаттама құжаттарының саны 8 есеге азайды

Өрт қауіпсіздігіндегі рұқсаттама құжаттарының саны 8 есеге азайды. Бұл туралы кеше ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен ҚР ТЖМ қызметкерлерінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Владимир Божко мәлімдеді.

Алматы. 30 қаңтар. Kazakhstan today. Өрт қауіпсіздігіндегі рұқсаттама құжаттарының саны 8 есеге азайды. Бұл туралы кеше ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен ҚР ТЖМ қызметкерлерінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Владимир Божко мәлімдеді.

"2014 жылдың 17 қаңтарындағы Жолдауында Мемлекет басшысы кезекті рет кәсіпкерлікке кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді азайту туралы тапсырмасын берді. 2013 жылдың басындағы Президенттің алғашқы сынынан кейін-ақ біз оны шешуге кірісіп кеттік. Біз өрт қауіпсіздігіндегі рұқсаттама құжаттарының санын 8 есеге дейін, тексерістер санын 46 пайызға, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша рұқсаттама құжаттары санын 5 есеге, осыған байланысты тексерістерді 42 пайызға азайттық", - деді В. Божко.

Оның айтуынша, қызметтердің тек лицензияланған түрлерімен 23 түрі бойынша рұқсаттама алынып тасталды.

"Қазақстан экономикасының үлкен жетістігінің бірі экономиканың негізгі күшке ие нысандарының жеке меншіктің қолында болуы. Олар өз кезегінде барлық тексеріс ұйымдарының негізгі тексеріс нысандарын қамтиды. Жоғарғы қауіптілік деңгейі бар жеке кәсіпкерліктің 1851 нысаны біздің тарапымыздан орташа деңгейге өткізіліп, жылына бір рет емес, 3 жылда бір рет тексерістен өткізілетін болады. 18862 орташа қауіптілік деңгейіндегі нысан төменгі деңгейге ауыстырылды", - деді министр.

Сонымен қатар, ведомство басшысы ҚР-да кәсіпкерлерді тексеріс қорытындысы бойынша кеңейту тәжірибесін енгізу шешімі қабылданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны