10.09.2009, 10:21 1531

"Вашингтон Таймс" газеті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Демократия өскінінің әлеуеті" атты мақаласын жариялады

"Вашингтон Таймс" газеті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Демократия өскінінің әлеуеті" атты мақаласын жариялады

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - 8 қыркүйекте ықпалды американдық "Вашингтон Таймс" газеті Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Демократия өскінінің әлеуеті" атты мақаласын жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мақала АҚШ-тағы дәстүрлі жазғы демалыстан кейінгі бірінші ресми жұмыс күні жарық көрді. Бұл американдық саяси истеблишмент үшін оның өзектілігі мен басымдылығын және әлемдік аренада анағұрлым беделді лидерлердің бірі ретінде Қазақстан президентінің пікіріне үлкен қызығушылықты көрсетеді.

Бұдан басқа, мақалада қозғалған мемлекет басшысының халықаралық қоғамдастық үшін халықаралық деңгейдегі өзара түсіністік және толеранттылықты нығайту әрі жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау тәртібін күшейту тәрізді көкейкесті мәселелер туралы ұстанымы БҰҰ Бас Ассамблеясы отырысының қарсаңында қоғамдастық назарына ұсынылған және осы проблемалардың талқылануы жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны