28.05.2015, 08:55 3419

Венада қазақстан-аустриялық бизнес-форум өтті

Венада ҚР Аустриядағы Елшілігі Аустрия өнеркәсіпшілер бірлестігініӊ қолдауымен "Discovering business opportunities in Kazakhstan" атты қазақстан-аустриялық бизнес-форумды өткізді. Қазақстан инвестициялары арасындағы салынған және қазақ-аустриялық экономикалық ынтымақтастығыныӊ жарқын үлгісі ретінде Ритц-Карлтон қонақ үйі форум өткізу орыны ретінде таӊдалды

Астана. 28 Мамыр. Kazakhstan Today - Венада ҚР Аустриядағы Елшілігі Аустрия өнеркәсіпшілер бірлестігініӊ қолдауымен "Discovering business opportunities in Kazakhstan" атты қазақстан-аустриялық бизнес-форумды өткізді. Қазақстан инвестициялары арасындағы салынған және қазақ-аустриялық экономикалық ынтымақтастығыныӊ жарқын үлгісі ретінде Ритц-Карлтон қонақ үйі форум өткізу орыны ретінде таӊдалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бизнес-форум жұмысына 100-ге жуық аустриялық компаниялар, үкімет және бизнес-бірлестіктерініӊ өкілдері қатысты. Құрметті қонақтар ішінен Аустрия Парламентініӊ депутаттар тобын басқарған Ұлттық Кеӊестіӊ Екінші президенті Карлхайнц Копф, Аустрияныӊ Көлік, инновациялар мен технологиялар вице-министрі Андреас Райхард және басқа да жоғары шенеуніктер қатысты, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Форумныӊ негізгі баяндаушысы ретінде сөз сөйлеген ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев форум қатысушыларын "100 қадам" атты Ұлттық жоспар, 2015-2018 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы, 2015-2017 жылдарға арналған "Нұрлы Жол" бағдарламасы, инвесторларды қолдау шаралары және өндірісті локализациялау аясында қазақстан-аустриялық ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы ақпараттандырды.

Бизнес-форум шеӊберінде өткен панельді дискуссия барысында Қазақстан Парламент Мәжілісініӊ депутаты - Қазақстан Машина жасаушылар одағыныӊ Басқарма төрағасы М. Пішембаев, Аустрияныӊ Экономика палатасыныӊ вице-президенті Р. Шенц және "КазнексИнвест" АҚ төрағасыныӊ оранбасары А. Ерғазиева интерактивті форматта Қазақстанда бизнес жасау мүмкіндіктері және инвестициялық климат жайлы айтып берді.

Вице-министр Е. Сағадиев Аустрияныӊ экономика вице-министрі Б. Гирлингермен кездесіп, тараптар екі-жақты әрекеттесуді одан әрі күшейтуге және нығайтуға мүдделілігін растады.

Форум шеӊберінде "КазнексИнвест" АҚ мен аустриялық трансұлттық компания "KapschTrafficCom" арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл компания Қазақстанда жол саласын дамытуға қатысуды жоспарлайды. Одан басқа Аустрия өнеркәсіпшілер бірлестігініӊ офисінде вице-министр Е. Сағадиев бір қатар жетекші аустриялық компания басшыларымен кездесулері өтті.

Жалпы, осы форум барысында аустриялық компаниялар Қазақстанмен ынтымақтасуға үлкен қызығушылығын көрсетті. Потенциалды инвесторлардан басқа, форум аустриялық компаниялардыӊ ҚР-мен өнеркәсіптік кооперацияға мүдделлігін айқындады.

Еуропада Қазақстан өнері мен жас өнерпаздарын танымал ету мақсатымен ҚР Аустриядағы Елшілігі іске асырып жатқан "Қазақстан інжулері" жобасы шеӊберіндегі қазақстандық классикалық музыка орындаушылары - әлемге танымал скрипкашы Аида Аюпова және пианиношы Гүлжан Үзембаеваныӊ концертімен аяқталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны