Система Orphus

Вице-министр Г. Ибдіхалықова жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

28.02.2014, 17:09 23546

Алматы. 28 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Г. Ибдіхалықова мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов кеше Жамбыл облысының білім беру және денсаулық сақтау саласының жай-күйімен танысу мақсатында облыс аумағына жұмыс сапарымен келді.

Премьер-министрдің орынбасары бірқатар білім беру ұйымдарын аралап, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында жергілікті атқарушы органдармен әлеуметтік маңызы бар нысандарды дамытудың көкейкесті мәселелері талқыланды.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары бірқатар мектептерді аралап, оның ішінде облыстың Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы мектепке ат басын тіреді. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Г. Ибдіхалықова атап өткендей, қазіргі таңда облыстың мектепке дейінгі және орта білім беру нысандарының материалдық-техникалық жабдықталуын жетілдіру бойынша мәселелерді шешу қажет. Исіресе, ауылдық аймақтардағы апатты жағдайдағы мектептер мен балабақшаларға кезек мәселелері күн тәртібінен түспей тұр. Осыған байланысты, аймақтық және орталық мемлекеттік органдардың тығыз қарым-қатынастары арқылы осы мәселелерді шешуге бағытталған нақты іс-қадамдарды қабылдау қолға алынады.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің "Жастар" жастар мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығын аралау барысында Гүлшара Ибдіхалықова жастар мәселелерін толық зерттеу үшін республика бойынша осындай орталықтарды құру қажеттігі мен оларды дамытуға ерекше назар аударды. Сондай-ақ, жоғары оқу орнын аралау барысында ғылыми ұйымдардың даму мәселелері талқыланып, аталмыш университеттің ұжымдық қолданудағы инженерлік зертхананың ғылыми жетістіктері таныстырылды.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары ғылыми ұйымдар мен ғалымдардың ел экономикасына қосар үлесінің маңыздылығын атап өтті. Бұл үшін, Үкімет басшысының орынбасары ғылымға жас кадрларды тарту үшін барлық қажетті жағдайларды жасау қажет деп атап өтті.

Дуалдық оқытудың даму мәселелері №12 Жамбыл политехникалық колледжін аралау барысында талқыланды. Г. Ибдіхалықова ханым колледждер мамандарды оқыту және бағалау барысына белсенді қатысатын жұмыс берушілердің сұранысына бағытталатындығын атап өтті. Оқыту бағдарламалары студентке біріктірілген білім мен дағыларды беру арқылы белгілі құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Г. Ибдіхалықова Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов пен Жамбыл облысының әкімі К. Көкірекбаев арасында "2014-2016 жылдарға білім беру және жастар саясаты салаларында мақсатты көрсеткіштерге және түпкілікті нәтижеге жету туралы" меморандумға қол қою рәсіміне қатысты. Меморандум аясында тараптар 2020 жылға дейін 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен толық қамтамасыз етуге міндеттенді.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны