24.07.2015, 13:36 3564

Вице-премьер Б.Сапарбаев Жамбыл облысындағы Қазақ хандығыныӊ 550-жылдығын мерекелеуге дайындық барысымен танысты

Бүгін ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды, онда Қазақ хандығыныӊ құрылуыныӊ 550-жылдығын мерекелеуге дайындық барысымен танысты

Астана. 24 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды, онда Қазақ хандығыныӊ құрылуыныӊ 550-жылдығын мерекелеуге дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Таразда вице-премьер "Қазақ хандығы" монументін орнататын жерге барып, ескерткіштіӊ орналасуыныӊ эскиздік әзірлемелерімен танысты, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Одан кейін Б.Сапарбаев еліміздіӊ басқа өӊірлері салып жатқан немесе жөнеуден өткізіп жатқан нысандарды аралады. Атап айтқанда, кіру аркасын жөндеу және екі барельефті салу барысын тексерді. Жұмыстар Оӊтүстік Қазақстан облысында жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, ол Тәуке хан көшесіндегі (Павлодар облысы) және Жамбыл даӊғылындағы (Ақтөбе облысы) көпірлерді жөндеу, тұӊғыш Президент саябағы жанындағы (Атырау облысы), "Тараз" қонақ үйініӊ алдындағы (Маӊғыстау облысы), автовокзал жанындағы (Солтүстік Қазақстан облысы) гүлзарларды абаттандыру барысымен танысты.

Сосын Б.Сапарбаев драма театры ғимаратындағы жөндеу жұмыстары, "Даӊқ аллеясы" құрылысы, Қарахан баба мавзолейі жанындағы гүлзарды абаттандыру барысын қарап шықты (Қызылорда және Қостанай облыстары).

"Көне Тараз" тарихи-мәдени орталығында ол археолоиялық және реставрация жұмыстары, музей, этноорталық, "Тараз саздары" стелласы құрылысы, "Мыӊбұлақ" гүлзарын абаттандыру барысымен танысты (Батыс Қазақстан облысы және Алматы қаласы).

ТарМУ-де Б.Сапарбаев облыс әкімдерініӊ орынбасарларымен, аудан әкімдерімен, басқарма, аумақтық департамент, оқу орындары, кәсіпорындар мен бизнес құрылымдар басшыларымен Қазақ хандығыныӊ құрылуыныӊ 550-жылдығын мерекелеуге дайындық мәселелері бойынша кеӊес өткізді.

"Мемлекет басшысы Қазақ хандығыныӊ мерейтойын мерекелеуге орталық, сондай-ақ өӊірлік деӊгейде уақытылы дайындалуды тапсырды. Аталған іс-шараны жастарды патриоттық тәрбиелеу және мемлекеттілікті нығайту рухымен өткізу маӊызды", - деді Б.Сапарбаев.

Сонымен қатар, вице-премьер бірқатар облыстар жоспарланған жұмыстарды баяу жүргізіп жатқандығын айтып өтті. Атап айтқанда, ШҚО және Алматы қаласы әкімдігі жұмыстыӊ тек 5%-ын орындаса, елорда әкімдігі әлі жұмысты бастамаған.

"Бізге барлық нысандарды сапалы және уақытында аяқтау қажет. Оған қоса, әкімдіктер қаражатты тиімді пайдаланып, оған демеушілерді тартуы тиіс", - деп баса айтты ол.

Күнніӊ екінші жартысында жұмыс сапары Жуалы ауданында жалғасын тауып, онда Б.Сапарбаев "Burnoe Solar" күн электр станциясыныӊ жұмысымен танысып, әлеуметтік, білім беру және спорт нысандарын аралады, Б.Момышұлыныӊ музейінде болып, әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында вице-премьер жаӊа оқу жылына уақытылы дайындалу бойынша шаралар қабылдауды тапсырып, ағымдағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы әлеуметтік проблемаларды шешуге баса назар аударды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны