28.10.2016, 18:04 4172

Вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов Универсиада-2017 объектілерініӊ әзірлігін бағалады

Қазақстан Премьер-Министрініӊ орынбасары, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Ұйымдастыру комитетініӊ төрағасы Иманғали Тасмағамбетов алдағы Халықаралық студенттік сайыстардыӊ өткізілуіне Алматы қаласы мен Алматы облысындағы нысандардыӊ әзірлігін тексерді.

Алматы. 28 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Премьер-Министрініӊ орынбасары, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Ұйымдастыру комитетініӊ төрағасы Иманғали Тасмағамбетов алдағы Халықаралық студенттік сайыстардыӊ өткізілуіне Алматы қаласы мен Алматы облысындағы нысандардыӊ әзірлігін тексерді.

Бүгінвице-премьерУниверсиаданыӊ спорттық нысандары мен инфрақұрылым нысандарын қарап шықты, функционалдық бағыттардыӊ жұмысымен егжей-тегжейлі танысты.

Көшпелі кеӊесбарысында ИманғалиТасмағамбетовАлматыдағы Медеу ауданында орналасқан 3 мыӊ орындық "Халық Арена" спорт кешеніне, Универсиада өтетін Атлетикалық қалашыққа, "Алматы Арена" мұз айдыны сарайына, "Сұӊқар" ХШТК, "Медеу" мұз айдынына және "Шымбұлақ" тау шаӊғы курортына барды.Сонымен қатар, "Табаған" спорт-сауықтыру кешені мен "Алатау" шаӊғы биатлон кешенініӊ жаӊғыртылуы және дайындық барысымен танысты.

Алда өтетін Универсиада объектілерініӊ әзірлігі туралы айта келе, вице-премьер спорттық сайыстарға объектілердіӊ дайындық қарқынына көӊілі толатындығын білдірді және бірқатар нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, Иманғали Тасмағамбетов мұндай ауқымды іс-шараныӊ өткізілуі сайысты ұйымдастыру және барлық мүдделі құрылымдар мен ведомстволардыӊ жұмысы тұрғысында егжей-тегжейлі қарауды қажет ететінін атады.

Иманғали Тасмағамбетов іс-шараны өткізу және сайыс қатысушыларын қабылдау аясында қала инфрақұрылымыныӊ әзірлігін қамтамасыз ету қажеттігіне, сондай-ақ, Универсиада қонақтарыныӊ қауіпсіз және жайлы орналасуын қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасау қажеттігіне баса назар аударды. Бұл ретте ол көлік-логистикалық жүйеніӊ үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету өте маӊызды екенін көрсетті.

"Универсиаданыӊ басталуына аз ғанауақыт қалды. Барлық кезеӊдегі жұмыс жоғары деӊгейде жүріп жатыр. Инфрақұрылым, қатысушыларды және қонақтарды қабылдауға байланысты ұйымдастыру мәселелеріне баса назар аудару қажет. Сонымен қатар, қауіпсіздік, энергетикалық жеткіліктілік пен көлік жүктемесін қоса есептегенде, халықаралық іс-шараныӊ кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге қалалық қызметтердіӊ толық әзірболуы өте маӊызды. Еӊ бастысы, Алматыға ағылатын қонақтардыӊ көптігін және спортшылардыӊ, жаттықтырушылар штабы мен тілшілердіӊ сайыс өтетін орынға және қонақжайларға барып-келуін есепке алғанда, бұл азаматтар үшін қолайсыздық туғызбауы тиіс", - деп атап өтті Иманғали Тасмағамбетов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны