11.03.2012, 16:14 3380

Вице-премьер Қайрат Келімбетов жұмыс сапарымен Павлодар облысында жүр

Іссапар барысында Қ.Келімбетов қаладағы бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралап, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізеді.

Астана. 11-наурыз. Kazakhstan Today - Вице-премьер Қайрат Келімбетов жұмыс сапарымен Павлодар облысында жүр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Іссапар барысында Қ.Келімбетов қаладағы бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралап, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізеді.

Жоспарланып отырғандай, бүгін Қайрат Келімбетов қаланың әуежайында болып, Қазақтелеком мәліметтерін халықаралық корпоративті өңдеу орталығы - Dата-орталығының жұмысымен таныс болады.

Сондай-ақ вице-премьер Елбасының "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауының тапсырмаларын орындалуын тексереді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны