10.01.2007, 16:00 3004

Вице-премьерлікке Аслан Мусиннің, ал қорғаныс министрі ретінде Даниал Ахметовтың кандидатурасы ұсынылды (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 10-қаңтар. Kazakhstan Today. Вице-премьер қызметіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Аслан Мусиннің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Аслан Мусин 1954 жылы Ақтөбе облысының Алға ауданы Бестамақ селосында дүниеге келген.

1975 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Ақтөбе облыстық статистика басқармасында экономист болудан бастаған.

Ақтөбе облыстық статистика басқармасы есептеу орталығының еңбек, халықтың еңбекақысы және денсаулық сақтау тобының экономисі, меңгерушісі (1977 ж.); Ақтөбе облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, хатшысы (1979 ж.)болып жұмыс істеді.

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік монополияға қарсы комитетінің төрағасы, Ақтөбе облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары - облыстық экономика басқармасының бастығы, Ақтөбе облыстық экономика басқармасының бастығы, Ақтөбе, Атырау облыстарының әкімі қызметтерін атқарған.

2006 жылдың қазан айынан - ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі болды.

Ал бұрынғы үкімет басшысы Даниал Ахметовқа бірінші азаматтық қорғаныс министрі лауазымы ұсынылды. "Мен оған бірінші азаматтық қорғаныс министрі болуды ұсындым, ол ұсынысты қабыл алды",- деді Н.Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Д.Ахметов 2003-жылдың маусым айынан бері Қазақстан үкіметін басқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны