14.01.2021, 18:05 8141

Орталық сайлау комиссиясы VII шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттарын тіркеді

Нұр-Сұлтан. 14 қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін VII шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттарын тіркеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тиісті ұсынысты отырыс барысында Ортсайлауком төрағасы Берік Имашев енгізді. Комиссия мүшелері қаулының қабылдануына дауыс берді.

Қаулығы сәйкес, VII шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 107 депутаты тіркелді. Оның ішінде: "Nur Otan" партиясының партиялық тізімі бойынша - 76 депутат; "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы - 12 депутат; Қазақстан Халық партиясы – 10 депутат; Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған - 9 депутат.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев тіркелген депутаттарға куәліктер мен омырауға тағатын белгілерді табыс етіп, оларға Республиканың заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органында табысты және жемісті жұмыс тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қаңтарда Қазақстан Парламенті Мәжілісіне сайлау өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша мәжіліске қатысқан бес партияның ішінен үш партия - Nur Otan, "Ақ жол" және Қазақстанның Халық партиясы өтті. Мәжіліс депутаттарының сайлауы Қазақстан халқы Ассамблеясында да өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны