11.01.2007, 13:00 2787

Виктор Храпунов төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 11-қаңтар. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Виктор Храпунов төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалып, Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

В. Храпунов 1948 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Алматы қаласының энергетика институты мен Алматы қаласындағы жоғарғы партия мектебінің түлегі. Алматының энергетикалық кәсіпорындарында қызмет атқарған. 90-жылдардың басында Алматы әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымын, қалалық атқару комитетінің төрағасы лауазымын атқарған. 1995-1997 жылдары Қазақстан Республикасының энергетика және көмір өнеркәсібі министрі болды. 1997 жылдың наурыз айынан маусым айлары аралығында энергетика және минералды ресурстар министрлігіне басшылық етті. 1997 жылдың маусым айынан бастап Алматы қаласының әкімі лауазымын атқарды. 2004 жылдың желтоқсан айында Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны