08.08.2012, 16:07 2908

Владимир Школьник МАГАТЭ Бас директорының орынбасары Герман Наккартспен кездесті

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Владимир Школьник компанияның Астанада орналасқан кеңсесінде МАГАТЭ Бас директорының орынбасары Герман Наккартспен кездесті.

Астана. 8-тамыз. Kazakhstan Today - Владимир Школьник МАГАТЭ Бас директорының орынбасары Герман Наккартспен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Владимир Школьник компанияның Астанада орналасқан кеңсесінде МАГАТЭ Бас директорының орынбасары Герман Наккартспен кездесті.

Өзара түсіністік және достық жағдайында өткен кездесу барысында басшылар ядролық қаруды таратпау режимін нығайту және қолдау саласындағы Қазақстан Республикасының ұстанып отырған саясатына қатысты жәйттер жөнінде әңгімелесті. Герман Наккартс әлемде бейбітшілікті нығайтудағы және ядролық қарусызданудағы Қазақстанның және жеке Елбасы Н.Назарбаевтың қызметіне жоғары баға берді.

Сондай-ақ, МАГАТЭ басшысының орынбасары Владимир Школьникпен сұхбат барысында Қазатомөнеркәсіптің ядролық отын циклындағы бізде жоқ буындардың орнын толтыру және сатылас интеграцияланған компания құру жоспарларын да талқылады.

Қазатомөнеркәсіп пен МАГАТЭ басшыларының кездесуінде айрықша назар аударылған мәселенің бірі ядролық қаруды таратпау режимін одан әрі нығайтуға бағытталған табиғи уранды есепке алу және бақылаудың пилоттық жобасын МАГАТЭ-мен бірге дамыту жайы болды. МАГАТЭ сапар тобы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК-ның уран өндіретін кәсіпорындарындағы өнім сапасы және "жергілікті жерде" ядролық тазалыққа қол жеткізу бойынша жетістіктер бойынша компания жоспарларына да аса қызығушылық танытты.

Владимир Школьник өз кезегінде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-на қарасты бір қатар уран өндіретін және уранды қайта өңдейтін кәсіпорындарды МАГАТЭ кепілдігіне қою мәселесі қаралып жатқанын айтып өтті. Бұл мәселе бүгінде техникалық тетіктерді талқылау сатысында тұр.

Қазатомөнеркәсіп басшысы Герман Наккартспен сұхбат кезінде компанияның МАГАТЭ-мен белсенді диалогқа және қазақстандық атом холдингінің алдағы қызметінде инновациялық бағытты ұстануға дайын екендігін танытты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны