Система Orphus

Ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу ережелерінің талаптарын бұзу фактісі бойынша "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ тағы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды

03.03.2020, 22:52 16444

Алматы. 3 наурыз. Kazakhstan Today - "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ тағы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті бұрын жүргізілген тексерудің нәтижесі бойынша берілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау шеңберінде "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша ұйғарымды орындамау фактісі бойынша, атап айтқанда ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу ережелерінің талаптарын бұзу фактісі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Аталған әкімшілік іс Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралып, "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ-ны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарылды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны