Система Orphus

Қытай суды бөлу туралы келіссөзді тек Қазақстанмен жүргізуде

07.04.2021 15580
Қытай суды бөлу туралы келіссөзді тек Қазақстанмен жүргізуде
НҰР-СҰЛТАН. 7 СӘУІР - Қытай Халық Республикасы су бөлу жөніндегі келіссөздерді тек Қазақстан Республикасымен жүргізеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Айта кетейік, вице-министр академик Мәлік Бөрлібаевтың БАҚ-та жарияланған сұхбатына түсініктеме берді. Ол сұхбатта академик ҚХР Қазақстанмен су бөлу мәселелерінде ынтымақтаспайды деп айтқан болатын.
 

Мәлік Бөрлібаев өз сұхбатында Бірлескен комиссия басшылығы беделді сарапшылардың пікіріне құлақ аспайды деп неге айтып отырғаны түсініксіз. Қытай өз тарихында осы күнге дейін трансшекаралық су объектілері бар 18 елдің ешқайсысымен су бөлу жөнінде бірде-бір халықаралық шарт жасасқан жоқ. Алайда, Қытай су бөлу жөніндегі келіссөздерді тек біздің елмен жүргізетініне назар аударамын",- деп атап өтті вице-министр.

 
Ол сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында 2013 жылғы қыркүйекте ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында 2015 жылдан бастап трансшекаралық өзендер суын бөлу туралы келісім жобасын әзірлеу мен келісуді бастау туралы шешім қабылданғанын ерекше атап өтті.
 

Бұл жұмыс трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі қазақстан-қытай бірлескен комиссиясының шеңберінде жүргізілуде. Бірлескен комиссияның 17 отырысы өткізілді. Пандемияға байланысты күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, су бөлу жөніндегі келісім жобасын келісу бойынша жұмыс жалғасуда. Айта кету керек, Келісім жобасы бойынша жұмыс күрделі және ғылыми зерттеулер жүргізуді талап етеді", - деді Серік Қожаниязов.

 
Оның мәліметінше, құжат бойынша жұмыстарға жоғары білікті су мамандары жұмыс істейтін еліміздің беделді ғылыми-зерттеу институттарының бірі – География және су қауіпсіздігі институты қатысады.
 
Сонымен қатар, ол Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық жылдарында Қорғас өзенінде бірлескен ортақ су торабын салу және Сүмбе өзеніндегі су тарату құрылысын қайта құру сияқты бірқатар бірлескен жобалар іске асырылғанын, бұл өз кезегінде осы өзендердің су ресурстарын 50-де 50 етіп бөлуді қамтамасыз ететіндігін айтты. 
 

Сондай-ақ Үлкен Ұласты өзенінде бірлескен су тарату құрылысын салу жөнінде уағдаластық бар. Қазіргі уақытта тараптар осы өзеннің гидрологиялық режимін зерттеп жатыр", - деп толықтырды Экология министрлігінің баспасөз қызметінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны