Система Orphus

Қызылорда облысы білім басқармасының Арал колледжі директорының орынбасары сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

21.01.2020, 13:33 9883

Алматы. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы білім басқармасының Арал колледжі директорының орынбасары сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деп күдікке ілінген Қызылорда облысы білім басқармасының "Арал көпсалалы колледжі" МКҚК директорының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол аталған колледжге оқытушы қызметіне жұмысқа тұрғызу үшін "Қызылорда облысы білім асқармасы" ММ-нің лауазымды тұлғаларына 400 мың теңге көлемінде пара беруге азаматты итермелегені үшін күдікке ілінді.

Кінәні мойындауға және күдікті мен оның қорғаушысының келу міндеттемесін беруге байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдіктінің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны