31.05.2019, 13:52 22243

Қызылорда облысының әділет департаментінің ішкі қауіпсіздік мәселелеріне жауапты лауазымды тұлға ұсталды

Кінәсін толық мойындауына байланысты сот санкциясы бойынша күдіктіге қатысты "үйқамаққа алу" түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Нұр-Сұлтан. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысының әділет департаментінің ішкі қауіпсіздік мәселелеріне жауапты лауазымды тұлға ұсталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментімен облыстық Әділет департаментінің персоналмен жұмыс жасау және ішкі қауіпсіздік саласы үшін жауапты лауазымды тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Өз қызметтік борышы бойынша мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесуге міндетті болған тұлға облыстық әділет департаментінің бөлім бастығын оған қатысты қылмыстық істі тоқтату үшін Қызылорда облысы бойынша СЖҚІҰБ-ның лауазымды тұлғаларына 5 млн. теңге сомадағы пара беруге алаяқтық және айдап салушылықта күдікті деп танылуда.

Кінәсін толық мойындауына байланысты сот санкциясы бойынша күдіктіге қатысты "үйқамаққа алу" түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Тергеу жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны