11.07.2019, 23:07 12467

Қызылорда облысының әкімі Өзбекстанның бас консулымен өңіраралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов дипломатиялық миссия басшысымен түрлі салалар бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қызылорда. 11 шілде. Kazakhstan Today - Өзбекстанның Алматыдағы Бас консулы Аброр Фатхуллаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов дипломатиялық миссия басшысымен түрлі салалар бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Бұл туралы Қызылорда облысы әкімнің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жұмыс сапары барысында ол өңірдің Ахуалдық орталығының жұмысымен танысты.

"Мен Қызылорда облысы үлкен экономикалық және көлік әлеуетіне ие, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін өте перспективалы аймақ екеніне көз жеткіздім. Бүгін біз облыс әкімімен өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, соның ішінде азаматтарымыздың екіжақты сапарлар санын арттыру мәселелерін талқыладық. Біз үлкен жоспарларды жүзеге асыруды көздеп отырмыз", - деп атап өтті Өзбекстан Республикасының Алматыдағы Бас консулы А.Фатхуллаев.

Сондай-ақ, консулдың облысқа жұмыс сапары аясында Өңірлік кәсіпкерлер палатасына бару және Достық үйінде өзбек этносы өкілдерімен кездесу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны