10.07.2019, 19:15 10570

Қызылордада көп балалы отбасыларға арналған тұрғын үйлерде қоныс тойы тойланды

Бүгінде қос пәтерлі 100 отбасына арналған 50 үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындар қоныстанған. Жаңа мекеннің алғашқы қоныстанушылары - көпбалалы отбасылар. Солардың бірі 7 баланың анасы Ізімкүл Тұрсанова. Ол осындай қамқорлық көрсетіп отырған Елбасына алғысын жеткізуді өтінді.

Қызылорда. 10 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында "Баламекен" жобасы аясында салынған тұрғын үйлерде қоныс тойы тойланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Осыдан бірер ай бұрын, "Бәйтерек" шағын ауданында тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар үшін 150 баспананың құрылысы басталған болатын.

Бүгінде қос пәтерлі 100 отбасына арналған 50 үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындар қоныстанған. Жаңа мекеннің алғашқы қоныстанушылары - көпбалалы отбасылар. Солардың бірі 7 баланың анасы Ізімкүл Тұрсанова. Ол осындай қамқорлық көрсетіп отырған Елбасына алғысын жеткізуді өтінді.

- Бұған дейін пәтер жалдап қиналып жүргенбіз. "Баламекен" жобаның арқасында міне баспаналы болып отырмыз. Көшіп келгенімізге бір ай болды. Мұнда жарық, су, газ, жол, телефон байланысы барлық жағдай жасалған. Елбасына, облыс басшылығына осындай қамқорлық көрсетіп жатқанына алғыс айтамын, - деді Ізімкүл Тұрсанова.

Айта кету керек, тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында соңғы 6 жыл ішінде Қызылорда қаласының өзінде 15 шағын аудан пайда болған. Жаңа аудандардың құрылысы да жүріп жатыр. 2019 жылдың соңына қарай Қызылорданың сол жағалауында 2 628 пәтерлік 13 көпқабатты тұрғын үй салынып, оған 13 мың адамды қоныстандыру көзделіп отыр. Елбасының 2018 жылдың қаңтарындағы жолдауына орай, болашақта бір адамды 30 шаршы метр баспанамен қамтамасыз ету мәселелері де жоспарда бар, - деді "Nur Otan" партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны