12.07.2019, 15:27 12676

Қызылордада үшжақты меморандумға қол қойылды

Қызылордада "Солтүстік Арал теңізінің балық қорын сақтау, қорғау және оны дамыту. Арал-Сырдария Бассейндік кеңесінің әлеуетін арттыру" жобасын жүзеге асыру туралы үшжақты меморандумға қол қойылды

Қызылорда. 12 шілде. Kazakhstan Today - Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстарын басқару бағдарламасы аясында бүгін Қызылордада Халықаралық Аралды құтқару қорының ҚР-дағы Атқарушы дирекциясы, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамдық қоры (GIZ) және Қызылорда облысы әкімдігі арасында "Солтүстік Арал теңізінің балық қорын сақтау, қорғау және оны дамыту. Арал-Сырдария Бассейндік кеңесінің әлеуетін арттыру" жобасын жүзеге асыру туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Намаев GIZ "Орталық Азиядағы су ресурстарын трансшекаралық басқару" бағдарламасының басшысы Каролина Милов пен Халықаралық Аралды құтқару қорының ҚР-дағы Атқарушы Дирекциясының директоры Болат Бекниязбен кездесіп, Сыр өңірінің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге қосқан елеулі үлестері үшін алғысын білдірді.

"Көкарал бөгетінде балықты қорғау құрылғысының болмауына байланысты жыл сайын балықтар жаппай қырылуда. Соның салдарынан 2017 жылы 200 тонна балық шабақтарының қырылуы орын алған. Сол себепті "Солтүстік Арал теңізінің балық қорын сақтау, қорғау және оны дамыту. Арал-Сырдария Бассейндік кеңесінің әлеуетін арттыру" жобасы аймағымыз үшін аса маңызды. Біздің ынтымақтастығымыз алдағы уақытта да табысты болып, экологиялық жағдайды жақсартуда және аймақ тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруда қажетті нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз", - деп атап өтті Б. Намаев.

Жобаның негізгі мақсаты Солтүстік Арал өңірінің балық қорларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сақтау және дамыту, су ресурстарын интеграцияланған басқару принциптерін одан әрі дамыту және тәжірибеге енгізу, су шаруашылығы және бассейндік құрылымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін жасқарту, Арал-Сырдария бассейндік кеңесінің (шағын бассейндік кеңестерді қоса алғанда) әлеуетін арттыру, қызметін жандандыру, сондай-ақ халықтың экологиялық сауаттылығын жоғарылату және жоба аясында тиімді ынтымақтастық орнату болып табылады.

Меморандумға сәйкес, Халықаралық Аралды құтқару қорының ҚР-дағы Атқарушы дирекциясы балық қорғау қондырғысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлейді, Германия қоғамы жобаны қаржыландырумен айналысады, ал облыс әкімдігі жобаны іске асыруды қолдау шараларын және ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны