29.09.2006, 16:40 3239

Заң бұзу салдарынан Ленин атындағы шахтада жарылысқа душар еткені үшін үш адам ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. 29-қыркүйек. Kazakhstan Today. Заң бұзу салдарынан Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада жарылысқа душар еткені үшін үш адам ұсталды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында республика Бас прокурорының орынбасары Ерғали Мырзадинов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Еңбек қорғау және тау-кен жұмыстарын жүргізу тәртіптерін бұзды деген күдікпен қазба жұмыстары учаскесінің механигі Ковалев, шахтаның бас механигі Сысуев, шахтаның бас инженері Тонких сынды адамдар бүгін ұсталды",- деп мәлімдеді Е.Мырзадинов.

"Аталған адамдарға айып тағылып, тиісті кідірту шаралары қолданылады",- деді ол. Шараның түрі үш күнде айқындалады, деді орынбасар.

Бас прокурордың орынбасары осы орайда 41 адамды өлімге душар еткен Ленин атындағы шахтадағы жарылыс дерегіне байланысты прокуратураның ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің "тау-кен жұмыстары кезінде нысандарда қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан абайсызда адамдарды өлімге душар ету" жөніндегі 245-бабы, 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ, "Еңбек қорғау ережелерін бұзу жөніндегі" 152-бабы, 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалғанын еске салды. "Шахта басшылығынан бастап 60- тан астам адамнан оқиға куәгерлері ретінде жауап алынды, шахтаның жабдықтары сараптамаға жіберілді",- деді ол.

Прокуратураның қорытындысына сәйкес, "көп адамның өмірін қиған қайғылы оқиға механикалық жабдықтар мен электр жабдықтардың жағдайын қадағаламау, шахтадағы қауіпсіздік техникасы ережелерін білмеу және оларды өрескел бұзу салдарынан болған. Демек, бұл апатқа адам факторы себеп болды деген тоқтам жасауға мүмкіндік береді",- деді Бас прокурордың орынбасары.

Қазір тергеу амалдары жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны