01.09.2009, 15:58 3105

Заңнамада азаматтардың тең құқығын қамтамасыз ететін нормаларды бекіту қажет - Қазақстан президенті

Заңнамада азаматтардың тең құқығын қамтамасыз ететін нормаларды бекіту қажет - Қазақстан президенті

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда нәсілдік, ұлттық және діни сенім-нанымдық айырмашылығына қарамастан, азаматтардың тең құқығын қамтамасыз ететін нормаларды заңнамада бекіту жұмыстарын одан әрі жалғастыру қажет. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның IV шақырылған парламентінің ІІІ сессиясының ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Заңнамада нәсілдік, ұлттық және діни сенім-нанымдық айырмашылығына қарамастан, азаматтардың тең құқығын қамтамасыз ететін, адамның құқығы мен бостандығын қорғау нормаларды заңнамада бекіту жұмыстарын одан әрі жалғастыру қажет деп санаймын ", - деді Н. Назарбаев.

"Парламент жұмысының шешуші басымдықтарының бірі әкімшілік және құқықтық реформаны қамтамасыз ету, Қазақстан қоғамын одан әрі демократияландыру болып қала береді. Халықтың сот жүйесіне деген сенімін оның ашықтығы мен тиімділігі, судьялар жұмысында заңға қатаң бағыну арқылы көтере түсу қажет", - деді президент.

Сонымен бірге, мемлекет басшысының пікірінше, қоғам үшін гендерлік теңдік - тең құқықтар мен мүмкіндіктер туралы заң мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу жөніндегі заңнаманы жасап қабыолдау аса маңызға ие болмақ.

"Менің тапсырмам бойынша құқықтық саясаттың жаңа тұжырымдамасы жасалды. Оның ережелерінің негізінде Қазақстан заңнамасын жаңарту, заң шығару процессін бекіту, оның сапасын көтеру қажет", - деді Н. Назарбаев.

"Үкіметке бірінші кезекте заңға және заңға бағынышты актілерге ғылыми, соның ішінде сыбайлас жемқоролыққа қарсы сараптама жасау жөніндегі, лобби қызметі туралы, электрондық үкіметтің мүмкіндіктерін кең көлемде пайдалану жөніндегі заң жобаларын жасап парламентке енгізуді тапсырамын", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны