20.05.2016, 12:23 5285

Заӊсыз митингке шақырғандар және оған қатысқандар қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады - Бас прокуратура

Бүгiн ҚР Бас прокуратурасы жанындағы заӊдылықты қамтамасыз ету бойынша консультативтiк кеӊестiӊ отырысында Бас прокурор Жақып Асанов жер мәселесiне қатысты ел азаматтарына ресми үндеу жасады.

Астана. 20 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгiн ҚР Бас прокуратурасы жанындағы заӊдылықты қамтамасыз ету бойынша консультативтiк кеӊестiӊ отырысында Бас прокурор Жақып Асанов жер мәселесiне қатысты ел азаматтарына ресми үндеу жасады. Ол халықты қоғамдық тұрақтылықты сақтау үшiн арандатуға бой бермеуге, азаматтық ұстаным мен жауапкершiлiк танытуға шақырып, заӊсыз митингке шақырғандар, оны ұйымдастырғандар және қатысқандар әкiмшiлiк, қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатынын ескерттi, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Заӊсыз митингтердi болдырмау үшiн олардыӊ алдын аламыз деп прокуратура органдары еӊ алдымен түсiндiру жұмыстарын өте қатты күшейттiк. Бесiншi мамырға дейiн бiрде-бiр адам жауапкершiлiкке тартылған жоқ. "Алдын алайық, түсiндiрейiк, көндiрейiк, сендiрейiк" деп бар күшiмiздi осы жұмысқа жұмсадық. Мемлекет басшысы мораторий жариялады, арнайы комиссия құрылды. Бiрақ, осыған қарамастан кейбiреулер жердi сылтау қылып, халықтыӊ тыныштығын, елдiӊ осындай өмiрiн бұзып отыр. Сондықтан осы мүмкiндiктi пайдаланып, ресми үндеу жасауға рұқсат етiӊiздер", - дейдi Ж.Асанов, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"ҚР Президентiнiӊ 2016 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Жер кодексiнiӊ кейбiр нормаларын қолдануға мораторий жарияланды. Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен Жер реформасына қатысты комиссия құрылды. Оныӊ құрамына азаматтық қоғам институттарыныӊ басшылары мен белсендiлерi кiрдi. Азаматтар комиссия жұмысына өӊiрлерде құрылған қоғамдық кеӊестер арқылы да қатыса алады. Комиссия отырысында пiкiр алмасу барынша ашық. Оныӊ қызметi ақпарат құралдарында тұрақты жарияланып отырады. Арнайы ашылған Jerturaly.kz сайтында қазақстандықтар өз сұрақтарын комиссияға қойып, ұсыныс-тiлектерiн бере алады. Бiр сөзбен айтқанда, жер мәселесiне қатысты кез келген пiкiр бiлдiру үшiн барлық жағдай жасалған. Алайда, кейбiр адамдар осындай жағдай мен заӊ талаптарын елемей, ортақ диалогтан қашып, халықты заӊсыз қарсылық акцияларға шақырып отыр. Илеуметтiк ұлтаралық араздықты қоздыру үшiн жалған ақпарат әдейi таратылып жатыр. Мұндай әрекеттер ҚР заӊдарына қайшы келедi. Осыған байланысты қоғамдық тұрақтылықты сақтау үшiн ел азаматтарынан мұндай арандатуға бой бермеуге, азаматтық ұстаным мен жауапкершiлiк танытуға шақырамын. Прокуратура туралы заӊныӊ 25-бабын басшылыққа алып, заӊсыз митингке шақыру, оны ұйымдастыру, тiптi, оған қатысудыӊ өзi әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соғатынын ескертемiн. Құқық қорғау органдары кез келген заӊбұзушылықтыӊ жолын кесiп, қылмыстық қудалауға дейiн заӊда көзделген шараларды дереу қабылдауға мiндеттi", - деп үндеу тастады Бас прокурор.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны