17.04.2013, 09:49 3284

Зейнеткерлік жасты сәйкестендірмеген жағдайда бюджет жетіспеушілігі 2023 жылға дейін 19 млрд АҚШ долларынан асады

"Бұл есептерді бірнеше рет жүргіздік, оларды жарияладық, осылайша әйелдердің зейнеткерлік жасы сәйкестендірілмесе бюджет жетіспеушілігі 2023 жылға дейін 19,6 млрд АҚШ долларын құрайды", - деді Г.Марченко.

Астана. 17-сәуір. Kazakhstan Today - Ийелдердің зейнеткерлік жасын сәйкестендіруден бас тартқан жағдайда Қазақстанның Ұлттық банкі 2023 жылға дейін еліміздің бюджет жетіспеушілігі 19,6 млрд АҚШ доллары көлемінде болады деп жоспарлауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР ҰБ басқарма төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.

"Бұл есептерді бірнеше рет жүргіздік, оларды жарияладық, осылайша әйелдердің зейнеткерлік жасы сәйкестендірілмесе бюджет жетіспеушілігі 2023 жылға дейін 19,6 млрд АҚШ долларын құрайды", - деді Г.Марченко.

Сонымен қатар, ол бұл санатқа (зейнеткер халықтың әйелдер бөлігі) зейнеткерлердің жалпы санынан 26%-ды құрайтынын атап кетті.

Оған қоса, аталған сомаға жыл сайынғы индекстеу енгізілген, ол 9%-ды құрайды.

Бұдан өзге, Ұлттық банк басшысы атап өткендей, 1946 жылдан бастап 1959 жылдары туғандардың "бэби-бум" буынының факторын ескеру керектігін, бұл әлеуетті және нақты зейнеткерлердің ең көп шоғырланымы екенін атап өтті.

Белгілі болғандай, көптеген елдерде (Люксембург, Швейцария, Швеция, Италия, Финляндия және басқалары) нормативтік зейнеткерлік жас 65 жасты құрайды, және де жұмыскердің жынысына қатысты емес. Ұлыбританияда жалпы бекітілген зейнеткерлік жас 60 жас, осындай жас шектеуі Австриядағы, Мальтадағы, Хорватиядағы әйелдер үшін қарастырылған. Норвегиядағы ерлер мен әйелдер 67 жаста зейнетке шығуға құқылы.

БҰҰ-ның мәліметінше, 2000 жылы егде жастағы халық саны елімізде әр ай сайын 750 000 артты, ал 2020 жылы болжам бойынша бұл өсу айына шамамен 2 000 000 адамды құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны