06.02.2014, 22:37 3229

"Зенит-М" зымыраны кешенінің кейбір нысандары РФ-на жалға берілмейді - Қазғарыш

Төрағаның айтуынша, Роскосмоспен "Бәйтерек" кешенін "Байқоңыр" ғарыш айлағында құру туралы 2004 жылғы 22 желтоқсаннан басталған Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттама жобасы мақұлданды.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan today. "Зенит-М" зымыраны кешенінің кейбір нысандары РФ жалға берілмейді. Бұл туралы ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің 2013 жылғы жұмыс қорытындысы мен алдағы жылғы жоспарына арналған қызметкерлердің кеңейтілген отырысында агенттік төрағасы Талғат Мұсабаев мәлімдеді.

"Қазақстан мен Ресей Үкіметі деңгейінде "Зенит" зымыран тасығышы базасындағы "Бәйтерек" кешенін құру жобасын іске асыру бойынша бірлескен жұмыстардың жоспары дайындалды", - деді Т.Мұсабаев.

Оның айтуынша, РФ жалға берілетін жерлерден алынып тасталатын "Зенит-М" ғарыш зымыраны кешенінің нысандары анықталды.

"Қазақстандық ұйымның "Зенит" зымыран тасығышы базасындағы "Бәйтерек" кешені нысандарын қолданысқа беру үшін қажетті РФ ұйымдастыру-реттеу құжаттары, нормативті-құқықтық актілері мен нормативті-техникалық құжаттары анықталды", - деді агенттік төрағасы.

Төрағаның айтуынша, Роскосмоспен "Бәйтерек" кешенін "Байқоңыр" ғарыш айлағында құру туралы 2004 жылғы 22 желтоқсаннан басталған Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттама жобасы мақұлданды.

"Қазіргі таңда хаттама РФ мемлекеттік органдарын келісімін алуда", - деді Т.Мұсабаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны