01.07.2015, 09:28 3609

Ж.Айтжанова ДСҰ мен ЕАЭО талаптарын түсіндірді

Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова Үкімет отырысында тауарларға кедендік әкімшілік ету аспектілері, ДСҰ мен ЕАЭО талаптарын үйлестіру, экономикалық қызметтіӊ түрлі салаларындағы өтпелі кезеӊдердіӊ шарттары туралы баяндады

Астана. 01 Шілде. Kazakhstan Today - Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова Үкімет отырысында тауарларға кедендік әкімшілік ету аспектілері, ДСҰ мен ЕАЭО талаптарын үйлестіру, экономикалық қызметтіӊ түрлі салаларындағы өтпелі кезеӊдердіӊ шарттары туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"22 маусымда Женевада жұмыс тобыныӊ ақырғы отырысы өтті, оныӊ қорытындысы бойынша Қазақстанныӊ ДСҰ-на мүшелігі шарттарын анықтау бойынша келіссөздерді аяқтау туралы ресми жарияланды",- деп мәлімдеді Жанар Айтжанова, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Премьер-министрдіӊ баспасөз қызметінен хабарлағандай, министрдіӊ мәліметінше, келіссөздер төрт бағыт бойынша жүргізілді. Олар - ауыл шаруашылығын қолдау, жүйелік мәселелер, қызмет көрсету және тауарлар нарықтарына қолжетімділік.

"Соӊғы 5 жыл бойы жалғасқан келіссөздер нәтижесінде Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ жалпы құныныӊ 8,5 % көлемінде ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндігін сақтап қалды. Ал, негізі ДСҰ елдері үшін стандартты мөлшерлеме 5 %-ды құрайды", - деп баса айтты Ж.Айтжанова.

Аталған қолдау Үкіметке "Агробизнес-2020" бағдарламасын жүзеге асыру аясында жыл сайын АӨК-ке көмек көрсетуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. "АӨК жалпы өнімініӊ болашақта өсуі кезінде сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік дотацияныӊ көлемі артады", - деп толықтырды Ж.Айтжанова.

Министр сондай-ақ тауарларға кедендік әкімшілік ету аспектілері, ДСҰ мен ЕАЭО талаптарын үйлестіру, экономикалық қызметтіӊ түрлі салаларындағы өтпелі кезеӊдердіӊ шарттары туралы баяндады.

Отырыста сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар басшылары сөз сөйледі, олар салалық нормативтерді ДСҰ талаптарына сәйкес келтіру, заӊнамалық базаны қалыптастыру бойынша шаралар туралы мәлімдеді.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-министр Кәрім Мәсімов мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны